Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын насихаттауда жаңа тәсілдер қолданылады - Д.Абаев

«Біздің министрліктің басты мақсатының бірі - Тәуелсіздіктің 25 жылдығын көрсету, осы жылдар ішіндегі еліміздің жетістігін айқындап халыққа, жеткізу. Ал ақпараттық науқанның мақсаты халықтың отансүйгіштігін арттыруға бағытталатын болады. Біз еліміздің негізгі жетістіктерін көрсетуге тырысамыз», - деді ол ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу бойынша мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы алдында.
Осы ретте министр ақпараттық науқанның жемісті өтетіндігіне сенім білдіріп, қазіргі уақытта арнайы түзілген медиа-жоспар аясында жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын айрықша атап өтті.
«Бұл медиа-жоспардан бөлек біз ақпараттық жұмыстардың тәсілін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Біз тек медиа-планды ғана пайдаланбай таргеттеу деп аталатын тәсілді де қолданамыз. Халықтың әрбір санатына жеке-жеке жоба ұсынамыз. Меніңше, бұл тәсіл өзін-өзі барынша ақтайды», - деді Д.Абаев.