Ел аумағындағы шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының картасы ұсынылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгінгі таңда 39 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік орнатылған, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

мамандық
Фото: rally36.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ел аумағында әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі халықаралық ынтымақтастықты дамытып, студенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейте отырып, Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші академиялық хабқа айналдыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Елдегі шетелдік ЖОО филиалдары
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

— Бүгінгі таңда 39 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік орнатылған. Қазақстанда Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 серіктес жоғары оқу орындары жұмыс істейді. Құрметті талапкерлер және олардың ата-аналары! Өз өңіріңіздегі немесе қызығушылық танытқан жоғары оқу орнының орналасуын қарап, болашақ білім бағытыңызды жоспарлауға шақырамыз! — делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Қазақстан ЖОО-лары әлемдік рейтингтерде нешінші орында тұрғаны мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар