Ел азаматтары тегін алатын дәрілер тізбесі кеңейтіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарының жекелеген санаттарын белгілі бір аурулармен (жай-күймен) тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін кеңейтпек.

дәріхана
Фото: freepik.com

Ашық НҚА порталына орналастырған Денсаулық сақтау министрі бұйрығының жобасында келесі ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттардың 3 жаңа позициясын енгізу көзделген:

— лимфоидты, гемопоэтикалық және онымен байланысты тіндердің қатерлі ісіктері (апластикалық анемия мен иммундық тромбоцитопенияны қоса),
— онкологиялық аурулар,
— псориаз.

Жобаны іске асыру тиімді терапияның қолжетімділігін арттыруға, созылмалы және онкологиялық аурулары бар пациенттердің клиникалық нәтижелері мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Бұйрықты іске асырудың нәтижесінде созылмалы және онкологиялық аурулардан зардап шегетін пациенттер үшін қазіргі заманғы дәрілік заттардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Бұл ретте бұйрық қабылданған жағдайда дәрілік заттарды ел азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне енгізу және оларды ТМККК және МӘМС аясында 2026 жылдан бастап сатып алуды бастау көзделеді.

Бұған дейін жедел жәрдем бригадасынан қандай дәрі-дәрмекті талап ете алатындығыңызды жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар