17:21, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы Ақмола облысының әкімін қабылдады
АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Альберт Рауды қабылдады.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.А.Рау облыстың 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады және Мемлекет басшысының елорда айналасында азық-түлік белдеуін құру және Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөнінде берген тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берді.Президент облыстың аграрлық саласының сүт және ет секторын дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді, биылғы жылы бройлер фабрикасының құрылысын бастау және Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың бас жоспарын жасау міндетін қойды.- Облыста 60-тан астам жоба жүзеге асырылуда. 2009 жылдың өзінде біз Астана мен облыстың тауарлы жұмыртқа жөніндегі қажетін толық жабамыз. Сүт жеткізу көлемін арттыра түсудеміз. Ағымдағы жылы екі сүт кешені пайдалануға беріледі. Ет өндірісін дамыту көзделуде. Таяудағы үш жылда Президенттің Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі тапсырмасы орындалады, - деді А.Рау журналистерге арналған брифингіде.