Елбасы АҚШ конгресмені Э. Фалеомаваеганы қабылдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен және Қазақстан Сізге, біздің еліміздің жүргізіп отырған саясатына тұрақты қолдауыңыз үшін ризашылық білдіреміз. Қазақстан мен Америка қарым-қатынастарындағы Сіздің бастамаларыңыз осы достық пен сенімді нығайтуға бағытталған. АҚШ Конгресі делегациясының бұл сапары бізде өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезімен тұспа-тұс келіп отырғаны қуантады», деді кездесуде Н. Назарбаев.
Өз кезегінде Е. Фалеомаваега Қазақстанда өтіп жатқан Діндер басшыларының съезі аса маңызды форум болып табылатынын атап көрсетті. «Онда адамдар арасындағы өзара байланыстағы тек діннің рөлі ғана емес, төзімділіктің рөлі әңгіменің негізгі арқауы болып отыр. Адамдар қандай дінді ұстанбасын, бір-бірін сыйлауы тиіс. Съезге түрлі діндердің өкілдері қатысып жатқанын білемін», деп атап көрсетті АҚШ конгресмені.
Сонымен қатар Е. Фалеомаваега Қазақстан басшысының әлемді ядролық қарусыздандыру бағытында атқарып жатқан жұмысын қолдайтынын айтты. «Ядролық қарусыздану қаншалықты маңызды екенін мемлекеттер басшылары ұғынуы үшін Сіздің бір өзіңіздің барша әлемде мемлекеттер басшылары деңгейінде жүргізіп жатқан жұмыстарыңызды, қабылдап отырған қадамдарыңызды құптауды жалғастырудамын», деді мәртебелі мейман.
Осы тұста Н. Назарбаев: «Ядролық қарусыздану мәселесінде Сіз бен біздің көзқарасымыз ортақ. Сіз бұл проблема өткір болып тұрған жерден сайланған конгресмен болып табыласыз», деді Елбасы АҚШ конгресменіне қаратып айтқан сөзінде.