Елбасы АҚШ Президенті Б. Обаманың алдағы Ресейге сапарын жаппай қырып -жоятын қаруларды қысқарту жөнінде консультациялар жүргізетін тамаша мүмкіндік деп санайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің ойымша, күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі - бұл Президент Обаманың Ресейге жақында жасайтын сапары. Біз Президент Н. Назарбаевпен жақсы келіссөздер жүргіздік. Ол Президент Обаманың Ресейге сапары кезінде болатын жоғары деңгейдегі кездесу жаппай қырып-жоятын қаруды қысқарту бойынша консультациялар жүргізетін тамаша уақыт, мүмкіндік екенін атап көрсетті», деді Э. Фалеомаваега.
Конгресменнің айтуынша, Барак Обаманың айтқан бастамалары, соның ішінде Каирде сөйлеген сөзі оның қандай адам екенін жақсы сипаттайды. «Ол мұсылман әлемімен байланыс орнатуға ұмтылыс жасаған адам, ол барлық қауыммен, әлемдегі барлық елдермен жұмысты жолға қоюға тырысып отырған адам», деді конгресмен.
«Менің ойымша, бұндай қадамдар Обаманың АҚШ-тың Президенті ретінде температураны төмендетіп, елдер арасындағы шиеленісті жойып, АҚШ-қа қарсы туындауы мүмкін теріс сәттерді түзеу үшін қандай жұмыс жасайтынын білдіреді. Президент Обама осының бәрін істеуге болады деп санайды. Менің ойымша, Ресейге сапар оның осындай құндылықтарды ұстанатынының тағы бір айғағы болып табылады", деп тұжырды сөзін ол.