Елбасы әлемдік қоғамдастықтың назарын негізгі сын-қатерлерге аударды

Қазіргі кезде болашақтағы өркендеуге жаңа үлкен сын-қатерлерді төндіріп тұрған бірқатар қауіптер қалыптасып келе жатқанына тоқталған Президент: «Барша әлемде бұрынғы тежеулер мен ара салмақтардың ыдырауын, держава лидерлері арасындағы сенім жойылып бара жатқанын, халықаралық құқықтың тозуын байқап отырмыз», - деді. Осы орайда Елбасы халықаралық институттар бейбітшілік пен тұрақтылыққа кепілдік бере алмай отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы климат өзгерісі күткендегіден жылдам жүріп жатқанын, ал оның ауыр салдары табиғат апаттарынан көрініп жатқандығын атап өтті. Әлемдегі азық-түліктің тапшылығы мәселесіне тоқталған Н.Назарбаев: «Халық санының өсуін, табысы мен урбанизациясын ескерсек, таяу 30 жылда азық-түлік өнімдері өндірісін еселеуге тура келеді», - деді.