15:20, 16 Ақпан 2016 | GMT +5
Елбасы Алматының Алатау ауданында салынатын мешіт құрылысының жобасымен танысты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы 7 мың адамдық мешіт құрылысының жобасымен танысты, сондай-ақ қаладағы діни конфессия және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Құрылысы жоспарланған ғимараттың жалпы алаңы - 16 мың шаршы метр. Архитектуралық жобаға сәйкес, мешітте биіктігі 75 метрлік бірнеше мұнара болады. Кешеннің орталық бөлігінде 9 күмбезді негізгі ғимарат орналасады. Сондай-ақ оның құрамына ислам кітапханасы, әкімшілік бөлік, намаз оқитын залы бар әйелдер корпусы, діни рәсімдер өткізуге арналған зал, оқу-ағарту топтарына арналған және медресе сыныптары бар ерлер бөлігі, сондай-ақ шеберхана мен дүкендер кіреді.