Елбасы Алматының «Нобель» фармацевтика фабрикасында болды

АЛМАТЫ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы жұмыс сапары барысында «Нобель» Алматы фармацевтика фабрикасы» акционерлік қоғамында болды.
None
None

Мемлекет басшысы фабриканың жұмысымен танысып, кәсіпорын ұжымымен кездесті.

Өзінің былтырғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, елдің фармацевтика өндірушілерінің алдында - 2014 жылға қарай ауқымын 50 пайызға дейін жеткізу үшін отандық фармпрепараттарды өндіруді күрт арттыру маңызды міндеті тұр.

«Қазіргі күні біз елімізге дәрілік құралдардың 80 пайызға жуығын өзге мемлекеттерден сатып аламыз, бірақ мемлекет Қазақстанда отандық дәрі-дәрмектердің көптеп шығарылуы үшін барлық жағдайды жасап отыр», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

«Нобель» Алматы фармацевтика фабрикасы» акционерлік қоғамы әртүрлі емдік топтарға жататын дәрі-дәрмектің 70-тен астам түрін шығарады. Түрлі мәліметтер бойынша, фармацевтикалық өнімдердің 40 пайызға жуығын мемлекет қаржыландырады, бюджеттен қаржыландыру жыл сайын 20-30 пайызға артып отыр. 2010 жылы тегін медициналық көмек препараттарының тізімі елеулі түрде кеңейтілді.

Соңғы жаңалықтар