Елбасы әрбір жазушыны және миллиондаған қазақстандық оқырмандар аудиториясын біздің басты игілігіміз - Тәуелсіз Қазақстанды қастерлеп сақтауға шақырды

None
None
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалинді қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қоғамдық дамудың, қазіргі заманғы әдеби үдерістердің өзекті мәселелері және Қазақстанды жаңғыртудағы зиялы қауымның рөлі талқыланды.

Н. Оразалин Қазақстан Жазушылар Одағының қызметі туралы айтып берді.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы мәдениет, ұлттық әдебиет пен өнерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

- Президент әрбір жазушыны және миллиондаған қазақстандық оқырмандар аудиториясын біздің басты игілігіміз - Тәуелсіз Қазақстанды қастерлеп сақтауға шақырды. Ұлттық әдебиет біздің қоғамның биік рухани адамгершілік құндылықтарын көркем сөзбен жеткізе біліп, осы қоғамдық міндетті іске асыра отырып, дамуы тиіс, - деді Н. Оразалин.

Соңғы жаңалықтар
telegram