Елбасы ашқан нысандар алғашқы көрермендерін қабылдады - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 4 желтоқсандағы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында ашылған тарихи-мәдени аймақтағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығы бүгін алғашқы көрермендерін қабылдады.
None
None

70 га. аумақтағы тарихи-мәдени аймақта орын тепкен жаңа тарихи-өлкетану мұражайындағы тарихи жәдігерлермен кеңінен танысқан балалар үйінің тәрбиеленушілері рухани-мәдени құндылықтары жинақтап, зерделеу бағытында жұмыс атқаратын әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығында да болды. Сондай-ақ, жасөспірімдер осы аймақтағы «Наурыз» алаңы мен көл аумағындағы демалыс орындарын тамашалады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар