18:19, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Елбасы Астана балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы балалар үйінде болып, Жаңа жыл шыршасына қатысты.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қаратып айтқан сөзінде Президент ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет олардың ештеңеден мұқтаж болмай, білімді азаматтар болып өсуіне барлық жағдайларды жасайтынын атап өтті. Жол картасы ауқымында өткен жылы балалар үйі ғимараты күрделі жөндеуден өтті, жаңа спорт залы мен бірнеше коттедждер салынды.
Мемлекет басшысы балалармен естелік суретке түсті.