Елбасы Астанада локомотив құрастыратын жаңа зауытты іске қосты

p; Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Индустриялық парктің аумағында  локомотив құрастыратын жаңа зауытты ашты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Біз Қазақстанда тұңғыш рет тепловоз шығарайық деп отырмыз.  Тепловоздарды біз осы саладағы әлемдегі жетекші компания -  «Genaral Electric» компаниясымен бірге шығаратын боламыз. Бұл Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы инновациялық нысан болып табылады», - деп атап көрсетті зауыттың ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев.

 Президент еліміздегі жүктердің 70 пайызы теміржол арқылы тасымалданатынын айта келе: «Жүктерді тасымалдау үшін осындай тепловоздар, вагондар керек. Зауыт жылына 150 тепловоз шығаратын болады. Сөйтіп, біз Қазақстанның бүкіл темір жол жүйесін жаңартамыз», - деді. Елбасы бұл зауыт Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасының алғашқы қарлығаштарының бірі екенін айтты.

 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыттағы алғашқы тәжірибелік тепловоз «Genaral Electric» компаниясы жеткізетін құрамдауыш бөлшектерден құрастырылатын болады. Тәжірибелік тепловозды құрастыруды алдағы желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр. Зауытта келесі жылдың ішінде 27 локомотивті құрастырып шығару көзделуде. Ал жалпы зауыт жыл сайын 150 тепловоз шығаратын болады. Аталмыш локомотивтің техникалық сипаты қазіргі қолданылып жүрген машиналардан бірнеше есе жоғары. Зауыттың өнімі Қазақстанның тепловозға деген сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, болашақта таяу және алыс шетелдерге шығарылатын болады. Аталмыш локомотивтер Қазақстанның темір жолдарында сынақтан өткізіліп, жоғарғы тиімділігін көрсеткен. Зауытты іске қосу арқылы 700 адам жұмыспен қамтылатын болады.  «Астанадағы локомотив құрастыру зауытының құрылысы» жобасы Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшы» бағдардамасына енгізілген.

Соңғы жаңалықтар