15:37, 04 Шілде 2012 | GMT +5
Елбасы Астанадағы ат спортынан әлем кубогы кезеңін ресми түрде бастап берді
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ипподромда болып, ат спорты бойынша «ҚР Президентінің Кубогы» үшін әлем кубогының кезеңдік жарысын тамашалады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті жоғары халықаралық деңгейдегі ат спорты турнирін ресми түрде бастап берді.
Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Армения, Ресей, Украина, Молдова және Үндістан спортшылары қатысуда.
Мұндай халықаралық жарыс Қазақстанда ат спортын дамытуға қуатты серпін береді. Осындай турнирлердің арқасында біздің еліміз әлемдік ат спорты орталығының біріне айналып отыр.