Елбасы Астананың 12 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды бастады

2008 жылдан бергі дәстүрге орай «Атамекен» этномемориалдық кешенінде Астана мерекесі салтанатының басталғандығының белгісі ретінде Мемлекеттік ту көтерілді. Елорданың кез-келген нүктесінен көрінетін ту 111 метрлік биіктікте орналасқан, көлемі 15х30 метрді құрайды.
Дәл осы жерде еліміздің жоғары әскери оқу орындарын бітірген түлектерге офицерлік погондарды табыс ету салтанатты рәсім өтті.
ҚР Президенті, Қарулы Күштер Бас қолбасшысы ҰҚК Әскери институтының, Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының, Құрлықтағы әскерлер әскери институтының, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери институтының, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының, Ішкі әскерлер әскери институтының түлектеріне офицерлік погондар тапсырды.
Мерекелік шаралар ашылуы салтанаты Республикалық ұланның, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің құрметті қарауыл ротасының сап түзеп өтуімен аяқталады.
1994 жылғы шілденің 6-сында ҚР Жоғарғы Кеңесінің елорданы Астанадан Ақмолаға (қазіргі Астана) ауыстыру туралы қаулысы қабылданды. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.