Елбасы атына Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының тұрғындарынан хат келді

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының тұрғындарынан хат келді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Хат иелері Қазақстанның іргелі мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы Тәуелсіздіктің нәтижесі екенін атап өтеді. Одан әрі авторлар: «Ұлы далада жаңа, тұрақты, қуатты мемлекет құрылды. Еліміздің іргесін бүтіндеп, шекарамызды бекемдедік. Экономикалық әлеуетіміз бен мәдениетіміз, дініміз бен салт-дәстүріміз еселеп артып, Отанымыз береке мен бірліктің киелі мекеніне айналды»,-деп жазады.

Мемлекет басшысына зор табыс, ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тілеген ұжымдық хатқа Төлеби ауданының құрметті азаматтары: З.Ташев, Қ.Оңғаров, Е.Тұрғынбеков, соғыс ардагерлері: Ө.Сахов, Ә.Сансызбаев, Қ.Нұсқабаев, Ж.Түктібаев, т.б. қол қойған.

Соңғы жаңалықтар