Елбасы Атыраудағы жаңа Мұз айдынында болды

РАУ.  Қазанның   1-і.  ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -   Атырауда     спорттың  қысқы түрлерімен  жыл бойы  айналысудың мүмкіндігі  туып  отыр.    
None
None

Маусым  айында    пайдалануға берілген,  бүгін  Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев   болған    жаңа Мұз айдыны        қала тұрғындарына осындай мүмкіндік беруде.   Бұл  - Батыс  Қазақстандағы  осындай алғашқы   спорттық        нысан.     Оның ауданы  6 мың  шаршы метр.  Ал    мұз  айдынының  ені - 30,   ұзындығы - 60 метр болғандықтан, мұнда   мәнерлеп сырғанау  сияқты  спорттың жеке   түрлерімен ғана  емес,   командалық  спорт түрлерімен де айналысуға   мүмкіндік  бар.    Атырауда  құрылып  отырған   «Бейбарыс» атты хоккей командасы   спорттың  осы түрінен  Қазақстан чемпионатында  өнер көрсете   бастады.

Спортшылар   Нұрсұлтан Назарбаевқа,  спорттың  қысқы түрлерінің әуесқойлары   көп болғанына  қарамастан,  бұрындары атыраулықтардың  хоккеймен  тек    қаңтар-ақпан  айларының   аязды  күндерінде    айналыса  алғанын   айтып   берді.  Енді, міне   мындаған        ұл-қыздардың    арманы  орындалып отыр -   олардың жыл бойына хоккей  ойнауларына мүмкіндіктері  бар.   Мұз  айдынында      мәнерлеп сырғанау  секциясы  да  құрылғалы   отыр,    ал  келешекте    қысқы  спорттың  басқа да  түрлері  қолға алынбақ.

«Спорт нысандарын  салу,   балалар  мен жастарды спортқа баулу -     Президент саясатының   негізгі бағыттарының бірі,  бұл мәселеге   Атырауда  үлкен    назар  аударылып  отыр. Соңғы  жылдары  қалада   бірнеше заманауи спорттық   нысан  салынды.  Нәтижелер  де  жоқ  емес.  Біздің   боксшыларымыз, балуандарымыз   әлем, Еуропа және  Азия чемпионаттарында   жеңіске қол жеткізуде,    облыс тарихындағы    тұңғыш    олимпиадалық  медальды жеңіп алды.   Енді спорттың  қысқы түрлерінен де  жеңістер күтеміз», - деді Елбасын     аймақтағы жағдаймен  хабардар еткен   облыс әкімі Бергей Рысқалиев.

Құны   1 миллиард   707 миллион 800 мың теңгені құраған  Мұз   айдынының  құрылысы    облыстық бюджеттен  қаржыландырылды.    Құрылыс жұмыстарына  100-ге жуық  адам  тартылды.   Айдынның стационарлық мінбері   800 көрерменге арналған.

Соңғы жаңалықтар