Елбасы Азиялық саяси партиялар халықаралық конфедерациясының «Орасан жетістіктері және адамзатқа сіңірген зор қызметі үшін» Жоғарғы Орденімен марапатталды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Азиялық саяси партиялар халықаралық конфедерациясының «Орасан жетістіктері және адамзатқа сіңірген зор қызметі үшін» Жоғарғы Орденімен марапатталды.
None
None

Мемлекет басшысына бұл орденді бүгін елордада өтіп жатқан «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезінде Азиялық саяси партиялар халықаралық конфедерациясының төрағасы Хосе де Венесиа табыстады.

"Сіз 300-ден астам басқарушы және оппозициялық партиялардың атынан орасан зор саяси еңбегіңіз және адамзатқа сіңірген зор қызметіңіз үшін осы орденмен марапатталасыз", - деді Хосе де Венесиа Н. Назарбаевқа орденді тапсырып тұрып. "Бұл Сіздің беделіңіздің, Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан бағындырған экономикалық және саяси реформалар саласындағы орасан зор табыстардың тағы да бір мойындалуы. Қазақстан өмірдегі аса зор жетістіктерге жетіп отыр. Бұл - демократияның, ұлы адами және моральдық құндылықтардың, бейбітшілік пен келісімнің дамуына ықпал еткен Мемлекеттің көшбасшысының жасаған, халыққа сіңірген еңбегінің және атқарған қызметінің жетістігі", - деді мәртебелі мейман.


«Былтыр Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалықты сәтті өткерді. Оның алдында Азиялық саяси партиялар халықаралық конфедерациясының жиыны да тамаша ұйымдастырылды. Биыл Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төраға. Бұның барлығы Елбасы Н. Назарбаевтың жетекшілігімен жүзеге асып келе жатқан жемісті жетістіктер. Менің ойымша, қазақстандық бастамалардың нәтижесіндегі бетпе-бет отырып ғаламдық диалогтар жасау барысында өңірдегі бірқатар қақтығыстарға тоқтам жасалып отыр. Саяси, діни жанжалдарға 20-ғасырда барлық әлем баса мән бере бастады. Ал Қазақстан бұл бағытта керемет саяси қадамдарға барып, лидерлікті өз қолына алды. Қазақстан өркениеттің құлдырауына қарсы тұрды», - деді Х. Венесиа.

Соңғы жаңалықтар