Елбасы барлық тараптарды Украина айналасындағы ахуалды тездетіп шешуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көршілес мемлекеттер экономикалық мәселелерге ерекше мән беруі керек. Бұл туралы бүгін «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Экономика әрқашан да бейбітшілікке алып келеді. Егер мемлекет көршілес елдермен сауда-саттықты жүргізіп, үлкен тауар айналымға қол жеткізсе, бұл тұрғыда осы үдерістегі елдер көршісінің жағдайы жақсы болғанын қалайды», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев қазіргі кездегі санкцияларды Ресей еңсеруге қауқарлы екенін, РФ үлкен ресурстары бар ауқымды мемлекет екенін, әлем елдері Ресейдің пікірімен есептесу керектігін, сондай-ақ Ресей держава ретінде осы атауға лайықты болуы тиіс екенін атап өтті.

Әлемде болып жатқан проблемаларды шешудегі істерге, барша әлемде бейбітшілікті орнату үрдісіне қатысу маңызды деп тоқталған Мемлекет басшысы: «Бұл тұрғыда Ресейдің рөлі баға жетпес және оны әлем елдері түсінуі керек. Осы дағдарыстан Ресей тезірек шығуға ниетті және мен де оған тілектеспін. Украина да бұл дағдарысты еңсеруі қажет», - деді.

Осы орайда Н. Назарбаев Украина ахуалы жақын арада шешілуі қажет екенін айта келе: «Барлық тараптарды бұл проблеманы шешуде уағдаластыққа келіп, халықтарымыздың игілігі үшін ары қарай жылжуға шақырамын», - деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар