Елбасы барша қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Телекөпір барысында еліміздің өңірлерінде Тәуелсіздік мерекесіне тартуы ретінде жаңа кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындары ашылғандығын атап өткен Елбасы: «Бүкіл облыстардағы, өңірлердегі халқымызды, қазақстандықтарды шын жүрегіммен ерен еңбектерімен, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен құттықтаймын. Еліміз өркендеп өсіп, аман-сау болып, бірлігіміз ажырамасын деген жақсы ізгі тілегімді айтқым келеді», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасы мемлекеттің индустриалдық бағдарламаны қолға алғанда тек қана зауыт, фабрика салуды басты міндет санамағандығын атап өтті. «Сол өндірістер халыққа жұмыс істеп, халықтың әл-ауқатын жақсартады деген ойменен жасап отырмыз. Себебі біздің еліміз, әрине мұнайға, көмірге, темірге, алтын мен күміске бай екені рас. Соның барлығы жер қойнауындағы байлық. Ол байлық бір күні, ерте мен кеш пе бітеді. Соған дайындалып, екінші экономика, өндіріс экономикасын жасап жатырмыз. Тек қана сол жағдайда біз бәсекеге сай болып, дағдарыстардан өтетін боламыз», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар
telegram