Елбасы Беларус Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

sp;МИНСК. Қарашаның  26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларус Президенті Александр Лукашенконы 2010 жылы Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды
None
None

деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті Александр Григорьевич, келесі жылы біздің елімізге ресми сапармен келуге және осы жылғы желтоқсанның 18-інде Қазақстанда өтетін Мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне шақырамын», деді Н. Назарбаев бүгін Минскіде А. Лукашенкомен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барасында.

Елбасының айтуынша, барыс-келістер екіжақты қарым-қатынастарды нығайтатын болады. Сонымен қатар Н. Назарбаев А. Лукашенконың екі елдің үкіметтік комиссияларының тең төрағаларының қол жеткізген уағадаластықтарды бақылауда ұстап, мемлекет басшыларына тоқсан сайын есеп беру жөніндегі ұсынысын қолдайтынын айтты.

«Мен Сіздің сапарыңызға дейін ілгері жылжығаныңызды және уағдаластықтардың қалай орындалып жатқаны хабарланып отырғанын қалаймын», деді Президент.

Елбасы Қазақстан мен Беларус арасындағы қарым-қатынасты мүлдем басқа деңгейге көтеруді қалайтынын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум