Елбасы бейнеленген банкнотқа күллі әлем коллекционерлері қызығушылық танытуда - Хлебников

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың портретімен банкнот шығару айтулы оқиға болып табылады. Бұл жаңалық жұртшылықтың назарына ілікті, деп санайды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ баспасөз қызметінің басшысы, социология магистрі Игорь Хлебников.
None
None

 «10 мың теңгелік жаңа купюра Ұлттық валюта күні таныстырылды. Бұдан басқа, екі үлкен мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күні мен ҚР Тәуелсіздігі күні жақындап қалды», - деп атап өтті ЖОО қызметкері. Мерейтойлық жылда Н. Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудағы сіңірген еңбектері атап өтілді.

 «Сувенир банкноттың республикада ғана емес, күллі әлем бойынша сирек кездесетін коллекция қатарына енуге барлық мүмкіндіктер бар», - деп пайымдайды ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, Президенттің бейнесімен номиналы 10 мың теңгелік  банкнот 100 мың дананы құрайды. Ол 1 желтоқсанда - Тұңғыш Президент күні шығарылады.

Соңғы жаңалықтар