14:00, 07 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Елбасы «Босқындар туралы» ҚР Заңына қол қойды
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Республика аумағында босқындар мен пана іздеген адамдардың құқықтық ережесін анықтауға бағытталған «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның мәтіні баспасөз бетінде жарияланады.