Елбасы: Бүгінгі таңда Қазақстан - барлық Орталық Азия үшін тартымды орталық
«Бүгінгі таңда Қазақстан - барлық Орталық Азия үшін тартымды орталық. Біз ТМД мен Балтық мемлекеттерінен бірінші болып ЕҚЫҰ-ның төрағасы миссиясын лайықты орындадық. 11 жылға созылған үзілістен кейін біз бұл ұйымның қатысушы мемлекеттері басшыларының саммитін сәтті өткіздік. ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы алғаш рет «Еуразиялық қауіпсіздік» және «Астана рухы» түсініктерін айқындады», - деді Елбасы.
Осылайша еліміздің тәуелсіз даму жылдарында жаңа мемлекет, жаңа қоғам құруға қол жеткізіп, жаһанданған әлемде жұмыс істеуге әрі өмір сүруге бейім қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелегенімізді баса айтқан Н.Назарбаев: «Біздің экономикадағы және әлеуметтік дамудағы жетістіктеріміз, сыртқы саясатта - ЕҚЫҰ саммитін, Азиаданы өткізуіміз отаншылдық деңгейін жоғары көтеріп, барлығымызды біріктірді. Қазіргі күні барлық қазақстандықтарды біздің біртұтас Отанымыз үшін ұлы мақтаныш сезімі баурайды», - деді.