Елбасы «Цифрлық Қазақстан» мақсатты бағдарламасын нақтылады - ғалым

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасына орай танымал қазақстандық ғалым, Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясының директоры, техника ғылымдарының кандидаты Нұралы Құдайбергенұлы аталған бағдарлама үшін сандық тұғырнама құру бойынша өзі әзірлеген идеяларымен ҚазАқпарат тілшісімен бөліскен болатын.
None
None

Айта кетерлігі,  Нұралы Құдайбергенұлы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке сектор бірлескен 6-шы отырысына қатысып, өзінің робот тілін жасау мүмкіншіліктерін әзірлемелерімен таң қалдырған болатын.

Қазіргі уақытта күнделікті қолданып жүрген заттарымыз ақпараттық кеңістікте «Заттар Интернеті» дүниесіне айналып барады. Осының салдарынан бұлтты есептеу технологиясында «Цифрлық ақыл» пайда болуда. Оған жылдам Интернетпен адамдар да, есептеуіш машиналар да қосылуда. Ертеректе адамдар Интернетпен бір-біріне тек ақпарат беріп қана келсе, бүгінде олар Интернет арқылы ақша, мүлік сынды құндылықтарды қауіпсіз әрі сенімді тасымалдауға Блокчейн технологиясы арқылы қол жеткізді. Міне, осындай жағдайда Қазақстанға бірыңғай зияткерлік тұғырнамада өзінің «Қазақстандық цифрлық ақыл» жасау арқылы бүкіл экономиканы, билікті, қоғамды және саясатты цифрлық негізге қысқа мерзімде кешенді түрде көшіру мүмкіндігі туып отыр.

«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», - деп өзінің таяудағы жыл сайынғы Жолдауында айрықша атап өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осыған орай Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырған болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция қарсаңында Қазақстанды үшінші жаңғырту, 2050 жылға қарай елімізді әлемнің ең дамыған 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің қатарына қосу мақсатында бес басымдықты ілгерілету және «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары  базасына арналған экономикалық өсімнің жаңа моделін құру туралы тапсырма жүктелді.

Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ-саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты ғылыми-техникалық инновацияларды қолдау, оларды әлеуметтік-экономикалық өмірімізге тезірек енгізуде жаңа биіктікке және жеңіске ұмтылуымыз қажет.
null 

«Қазақстан Республикасының азаматы және өз елімнің патриоты ретінде мен «Цифрлық Қазақстан» мақсатты бағдарламасын әзірлеу барысындағы кешенді амалдарға қатысты өз ұсыныстарымды енгізгім келеді», дейді Нұралы Құдайбергенұлы.

Цифрландыру қазіргі таңда ақпараттандыруды, автоматтандыруды, роботтандыруды және жасанды ақылды қоғамға енгізудің үздіксіз түрленетін, динамикалық өзгерістерге ұшырайтын, масштабталатын және ықпалдасуға бейімделетін қасиетімен ерекшеленеді.

         Басқаша айтар болсақ, қазіргі уақытта мемлекет тіршілігін қамтамасыз ететін жүйенің ендігі уақытта мызғымас, өзгермейтін, бір рет қана әрі мәңгілікке құрылған жүйе ретінде көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сол себепті экономиканы цифрландыру мемлекет дамуының мақсаттарына лайықты одан ары үздіксіз жаңғырады.

         Біріншіден, «Цифрлық Қазақстан» арнайы бағдарламасын әзірлеу үшін қазақстандық кемеңгер ғалым Б.А. Қойшыбаевтың 9 жасушадан тұратын «Қойшыбаев жасушасы» деп аталатын кешенді әдісін пайдалану қажет: ортасында зерделеу нысаны орналасқан, 4 жасуша - бір-бірімен тікелей байланысқан элементтер (техника) және 4 жасуша - зерделенетін нысанға белгілі бір деңгейде қатысы бар компоненттер (технология).

Екіншіден, үлгілік шешімдерге негізделген ескі әдістер, жүйелі, қызметтік, функционалдық, құрылымдық, алгоритмдік ескі көзқарастар Президенттің Жолдауда жүктеген міндеттерін жүзеге асыратын шамада емес. «Цифрлық Қазақстан» деп аталатын күрделі жүйені имитациялық модельдеуге негізделген жаңа әдіс, жаңа функционалды-құрылымдық көзқарас арқылы жүзеге асыруға болады.

Үшіншіден, әмбебап әдіс ретінде имитациялық модельдеу тәуекел мен белгісіздік жағдайында шешім қабылдау үшін жүктелген міндетті жүзеге асыруға, модельдер әзірлеуге, нақты модельдеуді бағалауға, тәжірибелерді жоспарлау мен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, «Цифрлық Қазақстан» арнайы бағдарламасын құру негізіне профессор О.И. Мухин жасаған «Стратум» компьютерлік бағдарлама тілін алған жөн. Себебі күрделі жүйелерді имитациялық модельдеудің әмбебап тілі ретінде бірегей құрал.

Бесіншіден, «Цифрлық Қазақстан» бүкіл бағдарламасын басқару үшін ғарыштық корабльдердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің бас құрылымын әзірлеуші Побиск Кузнецовтың күрделі ақпараттық арнайы жүйелерді басқаруға арналған «СПУТНИК» және «СКАЛАР» жүйесін пайдалану қажет.

Алтыншыдан, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бас конструкторын тағайындау қажет. Бұған мысал ретінде Сергей Королевтің кезінде кеңестік зымыран-ғарыш техникасының бас конструкторы болғандығын атап өтуге болады.

Жетіншіден, «Жасанды ақыл» терминінің бірыңғай түсінігі ретінде 1956 жылы Джон Маккарти енгізген терминді қабылдау қажет. 1958 жылы ол әзірлеген Lisp бағдарламалау тілі компьютерлерді немесе компьютермен бақыланатын роботтарды немесе адам сияқты ойлай алатын компьютерлік бағдарламаларды жасауда дұрыс қадам болды.

Сонымен, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы («Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу және қабылдау):

  • Цифрлық экономика (бірінші басымдық - бұл экономиканы технологиялық жаңғыртуды жеделдету),
  • Цифрлық билік (екінші басымдық - бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту),
  • Цифрлық қоғам (үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық) және

1

  • Цифрлық саясатпен (төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту және бесінші басымдық - институттық түрлену, қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес) тікелей байланысты, ал Жолдаудың бес басымдығын ескере отырып, төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтері тұрғысында:
  • Ақпараттандыру (компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер және мобильді құрылғылар қазірдің өзінде қаржылық жүйені, көліктік инфрақұрылымды, электр- және сумен жабдықтау жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді, компьютерлер мектептерде, ауруханаларда, автомобильдерде, тұрмыстық техникаларда көмек береді, дегенмен, бағдарламалау технологиясы бүгінгі таңда 20 ғасырдың басындағы автомобиль жасау технологиясы деңгейінде қалып отыр),
  • Автоматтандыру (ең тосын әрі алдын ала қарастырылмаған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін мобильді реконструктивті прототип, аналог, өндірістік нысан моделі, бұл ретте болжам сынды тек қана тікелей емес, сонымен бірге басқару сынды керісінше де бола алады),
  • Роботтандыру (робот-манипуляторлар, робот-дәнекерлеушілер, өнеркәсіптік роботтар, робот-үй қызметкері. Бүгінгі таңдағы Жапония мен Қытайдан кейінгі үшінші орындағы нарық ретінде Солтүстік Америкада шамамен 262000 робот орнатылған және жұмыс істеп тұр. Халықаралық робототехника федерациясының болжауы бойынша жуық арада робот жасау нарығы бірнеше триллион АҚШ доллары көлемінде болмақ) және
  • Жасанды ақылмен (сарапшылық жүйелер, «виртуалды қызметкерлер», ақпаратты семантикалық сараптау жүйесі, дербес шешім қабылдай алатын автономды роботтар, Б.А.Қойшыбаевтың «Белгі-Элемент-Байланыс» және «Қасиет-Компонент-Қатынас» кешенді әдісі негізінде жасанды зияткерлік жүйеледі жасау) жанама қатынасты.

Қоғамды цифрландырудың бастауы - мемлекеттегі Ақпараттандыру (Төртінші өнеркәсіптік революция сатысының бірінші деңгейі), өнеркәсіптегі Автоматтандыру (Төртінші өнеркәсіптік революция сатысының екінші деңгейі), заводтардағы Роботтандыру (Төртінші өнеркәсіптік революция сатысының үшінші деңгейі) және бүкіл экономика, билік, қоғам мен саясаттағы Жасанды ақыл қолдану (Төртінші өнеркәсіптік революция сатысының төртінші деңгейі) және ол мемлекеттің инновациялық дамуының айқын көрсеткіші болып саналады.

2

Енді Цифрлық экономиканы барынша егжей-тегжейлі қарастырсақ: Цифрлық өндіру (3D-принтинг), Цифрлық бөлу (бюджеттік шығыстар тиімділігін түбегейлі арттыру), Цифрлық алмасу (онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық сервис),  Цифрлық тұтыну (мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізу, сатып алулар жүргізудің әдістерін түбегейлі қайта қарау); Цифрлық өндіру технологиясы (3D-баспа, 3D-сканер, жаңа бизнес процестерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету, цифрлық сервистер, цифрлық индустрия, ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі, Цифрлық бөлу технологиясы (Бюджетті басқару технологиясы, «үлкен мәліметтермен» алмасу технологиясы), Цифрлық алмасу технологиясы (Онлайн-сауда, маркетплейстер, қор биржаларын құру технологиясы), Цифрлық тұтыну технологиясы (цифрлық банкинг жүйесі, цифрлық онлайн дүкендер, цифрлық сауда жүйесі).

Цифрлық экономиканың негізгі ретінде Блокчейн (көпшілік тізбе кітабы) технологиясын қолдану мақсатқа сай деп ойлаймын. Блокчейн (Blockсhain) - бұл тек қана цифрлық криптовалюта (Bitcoin) ғана емес, сонымен қатар өзге де құндылықтарды Интернет арқылы тұлғадан тұлғаға делдалсыз алмасудағы қауіпсіз технология. Ол барынша ашық және жүз пайызға қорғалған, онда кімге не тиесілі екендігі жазылған, әрі мұндай көпшілік тізбе кітабын қолдан жасау, өз бетінше өзгерту мүмкін емес. Қатысушылар арасындағы әрбір мәміле немесе транзакция делдалсыз тұлғадан тұлғаға  жүзеге асырылады және ол тарату мәліметтер базасының тізбесіне қосылады. Бұл тізбеде әр транзакцияның уақыты, қатысушылары, мәміле сомасы, т.б. мәліметтері сақталады. Күрделі математикалық алгоритмдер мен арнайы бағдарламалар (майнерлер) жүйенің бүтіндігіне және жалпы қолжетімділігіне қадағалау жүргізеді. Артық бюрократизм мен жемқорлық жойылады. Мәселен, блокчейн белгілі бір тауардың өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізілуінің бүкіл тізбесін қадағалауға мүмкіндік береді.

         ЦИФРЛЫҚ БИЛІК мыналардан тұрады: Цифрлық заң шығарушы билік (е-парламент), Цифрлық атқарушы билік (е-мемлекет), Цифрлық сот билігі (е-сот әділдігі), Цифрлық бұқаралық ақпарат құралдары (е-БАҚ); Заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеудің цифрлық технологиясы, Тиімді және сапалы басқару жүйесін әзірлеудің цифрлық технологиясы, Цифрлық мемлекеттің кибернетикалық сот әділдігі технологиясы, Ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ететін жүйе әзірлеудің цифрлық технологиясы (сенімді әлеуметтік желі және цифрлық сенімді медиа ресурстар).

3

Қазақстанда профессор А.Қаменовтің ҚР-ның заңнамалық базасын конвертациялау, ізгілендіру және әлемде «тірі кеңістіктік ағза» ретінде ақпараттық мемлекеттің кибернетикалық моделін құрған бірінші ел болуға мүмкіндік беретін, іргелі инновациялық шешімдердің табылғаны туралы ақпараттандыруға бағытталған заманауи ғылыми білім мен цифрлық технологияларға сәйкестендіру қажеттігі туралы ұсынысы бар. Бұл модельдің іргелі әдістемелік, ғылыми және әлемдік деңгейде тәжірибелік мәні бар. Яғни қоғамдық ғылымдарды цифрландырудың жаһандық міндеттерін шешудің көп өлшемді және ықпалдастығына, олардың жаратылыстану ғылымдарымен синтезіне негізделген. Бұл модельдің қазіргі заманауи мемлекеттік-құқықтық ғылымда баламасы жоқ.

4ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМ мыналардан тұрады: Цифрлық тұлға (Қазіргі уақытта әрбір тұлғаның мобильді интернет байланысы, мобильді «жұмыс орны», "Зат интернеті" дүниесі мен кез келген орында әрі кез келген уақытта қолжетімді мобильді цифрлық банкісі болатындығы қолжетімді шындық), Цифрлық топтар (аудио-, видео-, конференциялық байланыс сынды мобильді қосымшалар, интерактивті онлайн өзара іс-қимыл, жобаларды құруға, жобаларды басқаруға арналған топтың құралдары және топтық шешімдер қабылдау жүйесі), Цифрлық ұжым (Интернеттегі онлайн өзара іс-қимылдың виртуальды құралы, Интернетте ұжымды басқарудың және әкімшілеудің жүйесі), Цифрлық қоғамдастық (қоғамдастыққа арналған қорғалған мобильді әлеуметтік желі); Мобильді интернеттік технология (смартфондар, планшеттер, 3G WiFi, 4G WiFi, 5G WiFi бар мобильді құрылғылар), Бұлтты цифрлық технология (қызмет ретіндегі тұғырнамалар (PaaS, ағыл. Platform-as-a-Service), қызмет ретіндегі бағдарламалық қамтамасыз етулер (SaaS, ағыл. Software-as-a-Service), қызмет ретіндегі инфрақұрылымдар (IaaS, ағыл. Infrastructure-as-a-Service), «Заттар Интернеті» (Internet of Things, IoT; Бұлар машинада орнатылған сенсорлар мен желілер, құндылықтар құру үшін үлкен алаң саналатын инфрақұрылымдар мен материалдық активтер), Мобильді цифрлық банк (Блокчейн технологиясына негізделген мобильді смартфондық жеке тұлғалық банктер).

5        
ЦИФРЛЫҚ САЯСАТ мыналардан тұрады: Цифрлық әлеуметтік-экономикалық саясат (Цифрлық мектеп, кәсіптік білім беретін цифрлық колледж, Цифрлық ЖОО, біліктілікті арттырудың цифрлық жүйесі, Жұмыстың цифрлық бірыңғай онлайн-тұғырнамасы, Денсаулық сақтауды ақпараттандыру, цифрлық медицина), Цифрлық мәдениет және өркениеттік саясат (Цифрлық кітапхана, Цифрлық кинотеатр, Цифрлық музей, Цифрлық теледидар), Цифрлық ішкі және сыртқы саясат, Цифрлық қорғаныс және қауіпсіздік саясат (қорғаныс және киберқорғаныс саласындағы «Қазақстанның киберқорғанысы» жүйесі), әскери саладағы цифрлық технология (қорғаныстың ұшқышсыз әуе жүйесі, цифрлық әскери ойын-жаттығулар жүйесі, робот-жауынгерлер).

6

            АҚПАРАТТАНДЫРУ мыналардан тұрады: компьютерлік техниканы жеткізу, бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық жүйені дамыту; азаматтардың компьютерлік сауаттылығы,  субъективті-бағдарлы жобалаушы мамандардың дайындығы, халықтың ІТ құзыреттілігі, қоғамның цифрлық мәдениеті.

7

         АВТОМАТТАНДЫРУ мыналардан тұрады: Жұмыс орындарын автоматтандыру, Бизнес-процестерін автоматтандыру, Мекемелерді автоматтандыру, Өндірісті автоматтандыру; Машина-бағдарлы тілде жұмыс орындарын басқаратын автоматтандырылған жүйелер, Объекті-бағдарлы тілде жұмыс орындарын басқаратын автоматтандырылған жүйелер, Субъекті-бағдарлы тілде жұмыс орындарын басқаратын автоматтандырылған жүйелер, Ақылды-бағдарлы тілде жұмыс орындарын басқаратын автоматтандырылған жүйелер.

       
8
  РОБОТТАНДЫРУ мыналардан тұрады: Робот-экономист, Робот-заңгер, Робот-қаржыгер, Робот-маман; Машина-бағдарлы тіл, Объекті-бағдарлы тіл, Субъекті-бағдарлы тіл, Ақылды-бағдарлы тіл. Қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық технологияның биг дата, бұлттық есептеу, мобильді интернет робототехникамен біріге отырып оқуға қабілетті, өздігінен ойлай алатын жасанды зияткерлі роботтар технологияларын жасаға бет бұруда. Шет елдегі роботтарды сатып ала бермей, өз еліміздегі талантты ғалым, өнертапқыш, IT мамандарын әлемдік дәрежеде тәрбиелеп, өз роботтарымызды жасауымыз керек.

    9     ЖАСАНДЫ АҚЫЛ мыналардан тұрады:

Жасанды нейрон, Жасанды нейрондық байланыс, Жасанды нейрондық тізбе, Жасанды нейрондық ми; Негізгі сөздермен пайым жасау, Тірек терминдермен пайымдау, Базалық түсініктермен ой айту, Іргелі ұғымдармен ойлау.

Ғылыми-зерттеу және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы заманауи күрделі ақпараттық жүйені құру үшін қаржылық және ресурстық қамтамасыз етулермен байланысты бірқатар бейнеті көп тапсырмаларды шешу қажет. Дегенмен, мұндай жайт егерде бағдарлама жасаудың объекті-бағдарлы тілінен бағдарлама жасаудың субъекті-бағдарлы тіліне, яғни абстракцияның жаңа сатысына көшер болса, онда біршама жеңілдей түседі.

Басқаша сөзбен айтар болсақ, қазіргі заманғы күрделі ақпараттық жүйелерді компьютерлік бағдарлама жасаудың сан алуан тілінің көмегімен емес (JavaScript, Java, Python, Ruby, PHP, C++, CSS, C#, т.б.), ақпараттық модельді құрастыру міндеттерін жеңіл еңсере алатын абстракциялаудың барынша ең жоғары қабатындағы бағдарламалық тұғырнама көмегімен жасау қажет (LISP, REFAL, MIVAR, STRATUM).

Мысалы, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық сипаттағы заманауи күрделі ақпараттық жүйені құру қалай іске асады? Біріншіден, мақсат бұйрық ретінде қалыптастырылып, ақылды-бағдарлы тілде жасанды ақыл құрылымы болады. Екіншіден, проблема нұсқаулық ретінде қалыптастырылып, субъекті-бағдарлы тілде роботтық жобалау болады. Үшіншіден, есеп алгоритм ретінде қалыптастырылып, бағдарламалық-алгоритмдік тілде компьютерлік бағдарлама болады. Төртіншіден, тапсырма компьютер командасы ретінде қалыптастырылып, компьютерлік-бағдарлы тілде электронды есептеуіш машиналық кодқа айналады. 

Жоғарыда аталған өмірлік циклдің 4 сатысы (бұйрық-нұсқаулық-алгоритм-команда) әлеуметтік-экономикалық сипаттағы күрделі ақпараттық жүйелерді құруда ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін арттыру индикаторларын сапа тұрғысынан сипаттауға және есептеу техникаларын қолдану сапасын жақсарту параметрлерін сан тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді.

«Дамудың дәл осы кезеңінде бізге, қазақстандықтарға «Цифрлық Қазақстан» мақсатты бағдарламасы төңірегінде белсенді түрде қоғам болып топтасу қажет деп санаймын. Дәл қазіргі сәт бұл біздің тағдыр шешті геосаяси және геомәдени мемлекеттік мүмкіншілігіміз, карт-бланшымыз. Біз ежелгі Көшпенділер өркениетінің қазіргі заманғы ұрпақтары ретінде оны еліміздің және бүкіл әлемнің игілігі үшін пайдалана аламыз», - деп атап өтті Нұралы Құдайбергенұлы.

«Цифрлық Қазақстан» мақсатты бағдарламасы жоғарыда біз ұсынып отырған ұсыныстарды пайдалану арқылы технологиялық, ең алдымен концептуалды және саяси-жүйелі іргетасын жетекші әлемдік деңгейге шығаратындағын білеміз әрі сенімдіміз де. Отандық идеяны және отандық ноу-хоуды қамқорлықпен әрі барынша пайдалану Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың осынау тарихи «Цифрлық Қазақстан» құру бастамасын еліміздің 2050 жылға қарай Әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу мақсатына қол жеткізіп қана қоймай, ықпалдастырылған цифрлық өркениет пен еуразиялық мәдениет қалыптастыру ісіндегі әлемдік әдістемелік көшбасшы атануға да мүмкіндік береді.

Нұралы Құдайбергенұлына «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу үшін сандық тұғырнама құрудағы идеяларымен бөліскені үшін ризашылық білдіреміз.

Соңғы жаңалықтар