Елбасы Д.Тұрлыхановпен бұқаралық спортты дамыту мәселесін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті, Халықаралық біріккен күрес түрлері федерациясының Бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановты қабылдады.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Кездесу барысында елде бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде жас ұрпақты спортқа баулу мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортын дамытумен қатар халықтың дене шынықтырумен және спортпен белсене айналысуы үшін қажетті барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына тоқталды. Д.Тұрлыханов отандық спортқа Мемлекет басшысының көрсетіп отырған қолдауы нәтижесінде ірі қалаларда ғана емес, шалғай өңірлерде де қажетті инфрақұрылымдар салынып жатқанын айта келіп, сол үшін алғысын жеткізді. Бұл жағдай қажетті іргетас қалауға мүмкіндік беріп, соның негізінде Қазақстан спортшылары өңірлік және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар