Елбасы дәрісіне орай Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазанның 27-де М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дөңгелек үстел отырысы өткізіліп, онда Елбасының Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде оқыған дәрісіне байланысты қолға алынатын шаралар талқыланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға аталмыш университетпен қатар Оралдағы өзге де ЖОО-лардың өкілдері қатысып, Қазақстандағы дағдарысқа қарсы шаралар, білім берудегі серпіліс, интеллектуалды ұлтты қалыптастыруда инновация жүйесін дамыту мәселелері туралы пікір алысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасы ұсыныстарын іске асыра отырып, жастардың ғылымға деген ынта-ықыласын арттыру мақсатында ғылыми үйірмелер құрып, жетекші ғалымдармен бірлескен зерттеулер жүргізу қажеттігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар