Елбасы діндер басшыларының съезіне қатысқан Қытайдың дін қайраткерлерін қабылдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының қабылдауында Қытайдың Даосистер қауымдастығының төрағасы Жэнь Фажун, Қытайдың Дін істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ван Цзаоань, Қытайдың Буддистер қауымдастығы төрағасының орынбасары Сюе Чэн, Қытай Мұсылмандары қауымдастығы төрағасының орынбасары Ян Чжибо болды.
Кездесуден кейінгі брифингте Қытайдың Даосистер қауымдастығының төрағасы Ж. Фажун Діндер басшылары съезінің өткізілуінің қоғамдағы, жалпы әлемдегі бейбітшілікті сақтаудағы маңызы өте зор екенін атап көрсетті. «Бұл жұмысты жүргізуде жоғары мәртебелі Президент мырзаның еңбегі зор. Президенттің еңбегі барша халықтар тарапынан құрметке лайық», деді ол. Сонымен қатар Ж. Фажун бүгінгі құрылтайдағы барлық баяндамалар өздері үшін өте пайдалы болғанын атап өтті. «Қазақ жерінде өте қайырымды, ақылды адамдар өмір сүруде», деген Ж. Фажун Қазақстан халқының қонақжайлылығы, табиғаты тамаша әсер қалдырғанын айтты.