Елбасы діндер басшыларының съезіне қатысқан Мысырдың жоғарғы имамын және Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің төрағасын қабылдады

p; Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  Қазақстан Мысыр елін сенімді әріптес деп санайды. Бұл туралы бүгін Ақордада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезіне қатысқан Әл-Әзхардың Бас имамы шейх Мұхаммад Саид Тантауимен кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Біз Сіздерді сенімді әріптесіміз деп есептейміз. Сіз Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезін өткізу жөніндегі біздің бастамамызды бұдан былай да қолдайды деп үміттенеміз», деді кездесуде Н. Назарбаев.

 Елбасы Қазақстанның Мысыр Республикасына экономикалық және саяси тұрғыдан жақсы ынтымақтастығы жалғасып жатқанын атап көрсетті. «Біздің ортақ бабамыз Бейбарыстың мешітін қалпына келтірудегі ниетіміз біздерді байланыстыратын буын», деді Елбасы.

Кездесуден кейінгі брифингте шейх Мұхаммад Саид Тантауи Қазақстан басшысы әрқашан исламға  қызмет етуге ұмтылып жатқанын және діндер басшыларының съезін әр үш жыл сайын өткізуге күш салып отырғанын атап көрсетті.

 «Съезге қатысушылардың барлығы бейбітшілікті, қауіпсіздікті, адамзат қоғамының өркендеуін насихаттау үшін қолынан келгеннің бәрін жасауда», деп атап көрсетті мәртебелі мейман.

 Сондай-ақ Елбасы бүгін діндер басшыларының съезіне қатысқан Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла бен Мұхаммад Әл-Аш-Шейхты қабылдады. Қабылдаудан кейінгі брифингте мейман кездесуде Президентпен түрлі діндер арасындағы өзара түсіністікті қалыптастыруға ықпал етіп отырған діндер басшыларының съезі жайлы әңгімелескендерін атап өтті.

 «Президент мырзаға Сауд Арабиясы Королінің ыстық сәлемін, сонымен қатар Королдің Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды дамытудағы ниетін жеткіздім», деді ол.

Соңғы жаңалықтар