15:42, 29 Наурыз 2016 | GMT +5
Елбасы «Doing business» рейтингінде Қазақстанның орнын жоғарылатуға бағытталған Заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік Банктің «Doing business» рейтингінде

Қазақстанның орнын жоғарылатуға бағытталған, кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату жөніндегі Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысы рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға, сондай-ақ Дүниежүзілік Банктің «Doing business» рейтингінде Қазақстанның орнын жоғарылатуға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.