Елбасы Египетте Абдель Фаттах Ас-Сисидің басшылығымен саяси тұрақтылық орнатылатынына сенім білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Абдель Фаттах Ас-Сисиге Египет Араб
None
None

Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы Египетте Абдель Фаттах Ас-Сисидің басшылығымен саяси тұрақтылық орнап, орнықты әлеуметтік-экономикалық дамудың қамтамасыз етілетініне сенім білдірген. «Қазақстанның Египет Араб Республикасын ислам әлеміндегі маңызды серіктесінің бірі ретінде қарастыратынын және елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыруға, көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүдделі екенін айтқым келеді», - делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Абдель Фаттах Ас-Сисиге мықты денсаулық, елді дамытуға бағытталған жауапты қызметіне зор табыс, ал бауырлас Египет халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар