15:32, 04 Сәуір 2015 | GMT +5
Елбасы «ЭКСПО-2017» кешенін 2016 жылғы қыркүйекте дайын етуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» Көрме кешенінің болашақ халықаралық, тақырыптық павильондарының, сондай-ақ сауық және қызмет көрсетуші нысандарының макеттерімен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа көрменің орталығы - Қазақстанның Ұлттық павильонында болатын нысандар жөнінде жан-жақты баяндалды. Кешенді аралап көргеннен кейін, Қазақстан Президенті кеңес өткізіп, құрылыс жұмыстарының барысына тоқталды. Мемлекет басшысы іске қосу және әрлеу жұмыстарын жүргізу үшін «ЭКСПО-2017» кешенін 2016 жылғы қыркүйекке дейін дайын ету қажеттігін айтып, жұмыс кестесін сақтау мәселесін атап өтті.