Елбасы: Ел бірлігі - ең асыл қасиет (ФОТО)

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бұл туралы ҚР Президенті, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін БҚО-ға жұмыс сапары барысында теннис орталығында өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының

«Біздің күшіміз бірлікте!» республикалық форумында мәлім етті.
Елбасының жиында атап өткеніндей, 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында барлық өңірлерде ел бірлігін танытып, тату-тәтті тірлігін көрсететін шаралар ұйымдастырылды. Таяуда алғаш рет атап өтілген Алғыс айту күнінде де осындай шаралар жалғасын тапты. Өзге ұлт өкілдері кезінде құшақ жайып, қарсы алғаны үшін қазақ халқына ризашылығын білдірсе, қазақ халқы да қазіргі тыныштық салтанат құрып отырған өміріміз үшін алғысын айтты. Біз бәріміз - бір елдің перзентіміз. Ортақ Отанымыз бар, тамырымыз бір, болашаққа да сеніммен қадам басып келеміз. Бұған Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да өз үлестерін қосуда. Өңірде тоқсаннан астам ұлт өкілдері жарасымды өмір кешсе, 50 ұлттық-мәдени орталық жұмыс жасауда. Қазіргі кезде дағдарыс мәселесін де бірліктің күшімен жеңуге болады.

Президент өзінің тапсырмаларына сәйкес Батыс Қазақстан облысында жаңа өндіріс орындары құрылып, шағын және орта бизнес нысандарының тынысы ашылып отырғанын, алыс ауылдарға дейін жол салынып жатқанын, сонымен қатар ел алдында көп міндеттер тұрғандығын, соның ішінде жаңару айы болып есептелетін наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға ұйымшылдықпен қатысудың маңыздылығын атап көрсетті.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіз ел атанып, бұрын-соңды болмаған, өзгелермен терезесі тең мемлекет құрдық. Дүние жүзі сыйлайтын ел атандық. Соның бәрі - біздің бірлігіміздің арқасы. Қазіргі кезде жастарымыз елдің ішінде де, сыртында да көптеп білім алуда. Біздің буынның тік тұрып атқарған қызметін келешекте солар жалғастыратын болады. Еліміз дамып, халқымыздың береке-бірлігі арта берсін!» - деді сөзінің соңында Мемлекет басшысы.

Бұдан кейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің факультет деканы Мейрам Исатаев, Алматы қаласынан келген Наринэ Микаэлян, ақтөбелік Ирина Дольцева, қызылордалық Наталья Жұмаділдаева, БҚО орыс мәдениеті орталығының төрағасы Сергей Погодин Қазақ елінде ұлтаралық келісім салтанат құрып отырғаны үшін Елбасына шынайы ризашылықтарын білдірді. «Мәңгілік ел» идеясы жолында бәріміз бірге алға баса беретін боламыз» деді олар.

Айта кетейік, бұл шараға құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясы, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер мүшелері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, жастар өкілдері бар үш мыңдай адам жиналды.

Форум барысында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мерекелік концерт қойды.

2 3 5 6 4

Соңғы жаңалықтар