16:40, 20 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Елбасы: Елдің ең басты бағыты - индустрияландыру
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елдің ең басты бағыты - индустрияландыру. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Индустрияландыру күні барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Н. Назарбаев осылай деді.

«Біз инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығын аяқтап келеміз. Өткен төрт жылда 600-ден астам жаңа жобалар іске қосылды. 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұрын елімізде мүлдем болмаған өндіріс пен тауарлар іске қосылды. Біз әлемнің 30 дамыған елдің арасына кіруге меже белгілеп отырмыз. Ендеше бұл ең басты табыстарымыздың бірі болмақ», - деді Елбасы Н. Назарбаев. Бұл ретте Мемлекет басшысы алдағы міндеттер ретінде технологиялық бағытта дамып, озған елдермен бәсекеге түсетіндігімізді алға тартты.