Елбасы елімізде ғылым гранттарын беру жөніндегі шешімдерді қабылдайтын ғылыми кеңестерді құруды қолдады

ктің 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде ғылыми жобаларды сұрыптап, ғылым гранттарын беру жөніндегі шешімдерді қабылдайтын ғылыми кеңестер құрылатын болады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат,

 «Мен ғылым жүйесінде ғылыми кеңестер түріндегі жаңа элементті құруды қолдаймын. Бұл біз айтып жүргеннен мүлдем бөлек ғылыми кеңестер болады», деді бүгін Ақорддада Қазақстан ғылымын дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

 Мемлекет басшысының айтуынша, ғылыми кеңестердің негізгі рөлі - ғылыми жобаларға сұрыптау жүргізіп, ғылым гранттарын беру жөніндегі шешімдерді қабылдау. Яғни, басты идея - ғылымға қажетті қаржыны мемлекеттік шенеунік емес, ғалымдар анықтайтын болады, сөйтіп ол ғылыми кеңестердің шешімі бойынша бөлінеді.

Елбасы Қазақстанда ғылыми кеңестердің құрылуы ғылымға әкімшілік килігулерді нақты ажыратуға әрі ғылымды дамытуға мүмкіндік беретінін атап көрсетті. «Ғылыми кеңестерді сондай-ақ экономиканың маңызды салаларында да құру қажет. Олардың құрамына қазақстандық ғалымдарды, халықаралық ғалымдарды, сарапшыларды, сондай-ақ бұл бағытта жұмыс істеп жүрген компаниялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бейінді мемлекеттік органдардың өкілдерін қосу қажет», деді Н. Назарбаев.

 Осы орайда Президент ғылыми кеңестер шенеуніктің килігуінсіз ғылыми грантты алуға ниет білдірген ғалымның өтінішін қарайтын бірден-бір буын болуы тиістігін қадап айтты. «Мұндай кеңестердің жұмыс істеу тетіктерін «Ғылым туралы» Заңда бекіту керек», деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар