Елбасы еңбектерін зерделейтін ғылыми-инновациялық кабинет ашылды

Кабинетті ашудағы мақсат - ақпараттық технологияны пайдалана отырып, жастардың ғылыми ізденісіне жол ашу, жоғарғы білікті мамандарды дайындау. Кабинетте Елбасының 200-ден астам жеке еңбектері және ол туралы жазылған әртүрлі зерттеулер топтастырылған. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Оңалбай Аяшевтың айтуынша, кабинетте институттың үздік студенттері жұмыс істейтін болады. Олар кез келген уақытта келіп, өздерін қызықтыратын мәліметтерді алып, осы жерде Елбасының еңбектерін зерделеп, зерттеп өзінің шығармашылық жұмысына пайдалануға мүмкіншілік алып отыр.
Ал филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков аталған нысан тек қана Нұрсұлтан Назарбаев еңбегінің тарихын зерттеу емес, жалпы тәуелсіздігіміздің тарихын зерттеп, зерделейтін болады. «Бізге түбінде тәуелсіздігімізді алып келген Елбасының еңбегін зерделеп, зерттейтін ғылыми институттар, орталықтар ашу аса қажет», - деді М. Жолдасбеков.