Елбасы ертеңгі Жолдауында елімізді дағдарыстан шығарудың жаңа міндеттерін жариялайды

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мемлекет басшысы ертең Қазақстан халқына арнайтын Жолдауында елімізді дағдарыстан шығарудың жаңа міндеттерін жариялайды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мен ертең халыққа дәстүрлі Жолдауымды арнаймын. Онда елімізді ағымдағы жағдайдан алып шығудың, елдің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз етудің жаңа міндеттері жарияланады», деді бүгін Елбасы Н. Назарбаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан әйелдерінің Ү форумында сөйлеген сөзінде. Мемлекет басшысы Қазақстан дағдарыстан тыңайып шығатындығына сенімді екенін атап айтты. «Біздің қоғамның дағдарыстан жаңарып шығатындығына, Қазақстанның нығая түсетіндігіне, еліміздің өзінің өркендеу жолында жаңа биіктерге көтерілетініне сенімдімін», деп атап көрсетті Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар