Елбасы Финляндия Президентімен келіссөздер жүргізеді

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - 17 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездеседі. Аталған елдің басшысы Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келеді деп күтілуде.
None
None

Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Оның айтуынша, сапар аясында қазақстандық-финдік қарым-қатынастардың ахуалы мен болашағын, сондай-ақ халықаралық мәселелерді талқылауға басымдық берілмек.

Екі елдің президенттері келіссөздер жүргізіп, «жасыл» экономика бойынша Қазақстан-Финляндия форумына қатыспақ. Форум барысында бұл елдің инновациялық және экологиялық таза технологияларын біздің экономикаға ендіру мүмкіндіктері талқыланады.

Соңғы жаңалықтар