Елбасы Гаагада өтетiн ядролық қауiпсiздiк жөнiндегі саммитке қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президентi наурызда Нидерланды Корольдiгiне ресми сапармен барады.
None
None

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi. "Президент баспасөз қызметiнiң мәлiметтерiне сәйкес, Нидерланды Премьер-министрi Марк Рюттенiң шақыруымен 23-25 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гаагада өтетiн ядролық қауiпсiздiк жөнiндегі саммитке қатысады. Сапар барысында ҚР Президентiнің Нидерланды Королi Виллем Александрмен және Премьер-министрi Марк Рюттемен кездесуi, сонымен қатар "Шелл" және "Филлипс" трансұлттық компанияларының жетекшiлерiмен екiжақты кездесуi өтедi деп жоспарлануда", - деп атап өттi ол брифингте.

Кездесулердiң қорытындылары бойынша, саясат, экономика, технология, ғарыш, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, бiлiм салаларында екiжақты келiсiмдерге қол қойылады.

Соңғы жаңалықтар