Елбасы Гаагада өтіп жатқан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит барысында жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту саласында бірқатар бағыттар ұсынды

ГААГА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гаагада өтіп жатқан Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит барысында жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту саласында бірқатар бағыттар ұсынды.
None
None

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуды дәйекті түрде жақтайтын болады. Сондықтан да күш-жігерді келесі бағыттарға аударған жөн.

Бірінші. Толық және жалпыға ортақ ядролық қарусыздану - бұл ядролық қауіпсіздіктің жалғыз ғана кепілі.

Екінші. Ядролық лаңкестікке қарсы тұру және оның түп-тамырына балта шабу кейінге қалдырылмас міндеттердің бірі болып қала береді.

«Сонымен қатар лаңкестікке қарсы науқан мемлекеттің бейбіт ядролық бағдарламасын, технология мен құрал-жабдық, білім мен тәжірибе алмасу құқығын шектемеуі тиіс. Қазақстан АЭС үшін ядролық отынның толық циклі өндірісін дамытуды және атом стансасын салуды жоспарлауда», - деді Елбасы.

Үшіншіден, Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстан МАГАТЭ рөлі мен беделінің одан ары артуын жақтайды. Төртіншіден, Қазақ елі Таяу Шығысты қоса алғанда ядролық қарудан азат жаңа аймақтың құрылуына қолдау білдіреді.

«Біз «ядролық бестік» мемлекеттерінің тез арада Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы келісімшартқа (Семей келісімшарты) қатысушы елдердің қауіпсіздігіне теріс кепіл беру туралы хаттамаға қол қоятындығына сенім артамыз», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар