14:20, 03 Сәуір 2017 | GMT +5
Елбасы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанның азаттығы мен аумақтық тұтастығы жолында қаза тапқан батыр перзенттері жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның зайыбы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоғын қойды.