10:50, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Елбасы ғылым туралы жаңа заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырды
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғылым туралы жаңа заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тиімді индустриялық саясат инновацияға, қазіргі заманғы білімге және технологияларға негізделуі тиіс. Сондықтан ғылым туралы жаңа заңды әзірлеп, қабылдау қажет», деді Н. Назарбаев.
Елбасы ғылым туралы жаңа заңда отандық ғылым саласының даму қағидаттары анықталуы қажеттігін атап көрсетті.