13:19, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы Қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу жөніндегі конвенцияны бекіту туралы Заңға қол қойды
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат – Елбасы «Шектен тыс зиян келтіреді немесе таңдамай әрекет етеді деп саналуы мүмкін кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы конвенцияны және Конвенцияның хаттамалары:
Анықталмайтын жарықшақтар туралы І хаттаманы, Өртегіш қару туралы ІІІ хаттаманы және Көзді соқыр ететін лазерлік қару туралы ІҮ хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Заңның мәтіні баспасөз бетінде жарияланады.