Елбасы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

АНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін елордадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда өтіп жатқан Наурыз мейрамына арнайы келген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, сөз сөйледі.
None
None

«Дастарханға ақ толатын, елге бақ қонатын арайлы шақты халқымыз ұлыстың ұлы күні деп бекер атамаған», - деді Президент.

Наурыз - жаңару, ынтымақтастық пен жылулықтың мерекесі атанған бұл күні барша қазақстандық бір-бірін Жаңа жылмен құттықтап, түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырылатындығын атап өткен Елбасы, биылғы Наурыз мейрамын қазақстандықтардың Тәуелсіздіктің 20 жылдығында атап өтіп отырғанын да еске сала кетті.

«Осыдан 20 жыл бұрын менің арнайы жарлығыммен «Наурыз» мемлекеттік мереке ретінде алғаш өткізілді», - деген Елбасы, «Діл мен тілге бөлмейтін наурыз мейрамы тәуелсіздік жылдары халықты ұйыстыра түсті. Бүгінгі кезде үш күн бойы мерекелейтін ең үлкен біздің мейрамымыз. Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан ұлыстың ұлы күні ай мен күндей әлемге бірдей адамзаттық ортақ қазынасына айналды. Былтыр БҰҰ-ның Наурызды халықаралық мереке деп жариялағаны бекер емес. Сондықтан біз басты байлығымыз берекелі бірлігімізді көзді қарашығындай сақтауымыз керек»,-деді Президент.

Н.Назарбаев Қазақстанның өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығын әлеуметтік-экономикалық дамудағы зор жетістіктерімен қарсы алып отырған да атап өтті. ЖІӨ бірнеше есе артып, Қазақстан халықаралық қоғамдастық тарапынан танылды, шетелдегі отандастарымызды елге қайтару бойынша бағдарлама жүзеге асырылуда.

«Отанға деген шын сүйіспеншілік мемлекеттік санаға орнығып, біздің жастарымыздың санасында болуы керек. Қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтаған еліміз 21-ғасырдың алғашқы он жылдығын толайым табыстармен аяқтады. Тарих үшін қысқа мерзімде біз ұлан ғайыр істерді атқардық. 12 жыл ішінде еліміздің экономикасы 12 есеге өсіп, іргелі ел, жоралы жұрт қатарына қосылдық. Мәдени мұрамызды түгендеп, ұлттық сананы нығайттық. Бақыт құсы тек ынтымақты елге қонады, бейбіт елде береке болады» деген халқымыз. Біз Қазақстан халқының ынтымағын сақтап, айнымас ауыз-бірлігін бекемдей түстік»,- деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар