Елбасы: Қазақстан мен Қырғызстан бауырластықты құр сөзбен емес, нақты шаралармен дамытуы керек

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат -  Қазақстан мен Қырғызстан бауырластықты құр сөзбен емес, нақты шаралармен іс жүзінде дамытуы керек.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге тұңғыш рет ресми сапармен келген Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Біз Қырғызстанды Орталық Азиядағы одақтасымыз әрі маңызды әріптесіміз деп санаймыз. Бір туған екендігімізді, жақын екендігімізді ылғи айтамыз ғой. Енді бос сөзбен айналыспай, мұны іс жүзіндегі шаралармен толықтыруымыз керек»,-деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ Елбасы өз сөзінде қырғыз тарабының бүгінгі қазақ еліне сапарын тату-тәтті көршілік, бауырластық қарым-қатынасты дамытуға деген талпыныс ретінде бағалайтындығын баса айтты.

«Өйткені, біздің халықтар шындығында да бауырлас», - деді Н. Назарбаев.

 

Соңғы жаңалықтар