Елбасы Қазақстандағы православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Құрметті отандастарым, Қазақстанның православ христиандары! Сіздерді Христостың Рождество мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінде сіздермен бірге бұл мерекені көпконфессиялы және көпұлтты Қазақстанның барлық азаматтары атап өтіп жатыр», делінген Мемлекет басшысының құттықтауында. Н .Назарбаев осы Рождество мерекесінде барша қазақстандықтарға зор денсаулық, отбасыларына игілік және жұмыстарына табыстар тіледі. Біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын, деді Елбасы құттықтауында. «Әртүрлі діндерге құрметпен және түсіністікпен қарау ? қазақстандық қоғамның маңызды негіздерінің бірі. Біздің елде діни, ұлттық немесе нәсілдік төзімсіздік жағдайлары ешқашан болған емес. Мемлекет Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтың ана тілін, төл мәдениетін, әдет-ғұрпы мен дәстүрін сақтап, өздерінің діни көзқарастарын еркін білдіруі үшін әрқашан қамқорлық жасап келеді. Бүгінде біздің елдің азаматтары, діні мен этникалық жағдайына қарамастан, жаңа заманауи Қазақстанды бірлесіп құруда», делінген құттықтауда. «Жақында Мәскеудің және Бүкіл Ресейдің жаңа Патриархы сайланады. Бұл орыс православиесі үшін үлкен оқиға. Біз Шіркеу өзінің жаңа лайықты діни басшысына ие болғанын шын көңілден қалаймыз. Қиын кездерде біздің халықтардың достығы, қазақстандық қоғамның бірлігі мен келісімі бізге бірлесе отырып қандай да болмасын қиындықтарды еңсеруге көмектесті. Жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс салдарынан әлемдік қоғамдастық бастан кешіп отырған қазіргі сынақты да Қазақстанның қатықтай ұйыған халқы лайықты және абыроймен еңсеретініне нық сенімдімін», деп атап көрсеткен Елбасы өз құттықтауында.
Соңғы жаңалықтар