Елбасы Қазақстанның бірқатар танымал қайраткерлеріне Мемлекеттік наградалар тапсырды (ФОТО)
танымал қайраткерлеріне ҚР Мемлекеттік наградаларын тапсырды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.
Соған орай, Елбасы Ақордада бірқатар награда иелеріне марапаттарын табыстады. Атап айтқанда, награда иелері арасында «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Қ.Мұсақожаеваға берілді. «Отан» орденімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қ.К.Тоқаев, І дәрежелі «Барыс» орденімен «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Т.А.Құлыбаев және басқалары бар.
«Сіздер, өз жұмыс орындарыңызда біздің еліміздің бірлігіне, халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып отырасыздар. Сондықтан да, сіздерге табыс етіліп отырған мемлекеттік наградалар үлкен мәнге ие. Бұл наградалар сіздердің еңбектеріңізге берген мемлекет бағасы», - деді Елбасы салтанатты шара барысында.