18:42, 22 Маусым 2010 | GMT +5
Елбасы Қазақстанның иелігіндегі Ыстықкөлдегі пансионатты мемлекет меншігіне алу қажеттігі туралы мәлімдеген Қырғызстанның кейбір саясаткерлерінің айтқан сөздеріне түсініктеме берді
СТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның иелігіндегі Ыстықкөлдегі пансионатты мемлекет меншігіне алу қажеттігі туралы мәлімдеген Қырғызстанның кейбір саясаткерлерінің айтқан сөздеріне түсініктеме берді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

- Мұндай саяси мәлімдемелерге ерік беруге болмайды. Күте тұрамыз, уақыт өтеді, бәрі тынышталады және мен бәрі баз қалпына келеді деп ойлаймын. Мен не Қазақстан, не Қырғызстан екі елдің арасындағы мұндай қарым-қатынасқа жол бермейді деп ойлаймын, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.