10:15, 09 Қаңтар 2010 | GMT +5
Елбасы Кеден ісі мәселелері бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы көліктік, ветеринарлық, санитарлық-карантиндік бақылауды және өсімдіктер карантинін бақылауды жүзеге асыру бойынша функцияларды кеден органдарына беру арқылы мемлекеттік шекарадан тауарларды және көлік құралдарын алып өту кезінде автомобилдердің өту пункттерінде интеграцияланған бақылауды енгізуге бағытталған

«Кеден ісі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.