Елбасы кемел келешектің кепілі екенін әрдайым өз ісімен дәлелдеп келеді - Ж.Камалов, еңбек ардагері, БҚО

ОРАЛ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы кемел келешектің кепілі екенін әрдайым өз ісімен дәлелдеп келеді.
None
None

Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бұрын Қазақстан халқына Жолдауында еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі атқарылған істерді саралап, 2020 жылға дейінгі белестерді көрсетіп берсе, бүгін «Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезінде мұны одан әрі тереңдете түсті.

Бұл туралы Бөкей ордасы Сайқын ауылында тұратын еңбек ардагері Жаңбырбай Камалов мәлім етті.

Оның айтуынша, тәуелсіздік - тәтті ұғым. Бірақ ол оңайға түскен жоқ. Бұл жолда талай қиындықтарға кезігіп, тар жол, тайғақ кешуден өттік. Бүгінде Қазақстанның экономика, саяси-әлеуметтік саладағы жетістіктерін бүкіл әлем мойындап отыр. Осының бәрі ең алдымен Елбасының тынымсыз еңбегі екені даусыз. «Елбасы тәуелсіздік тақырыбына бүгінгі сөзінде тоқталып, әсіресе, жастарға өзінің аталы сөзін арнады. Шынында да өзінің тамырынан ажыраған, ана тілін білмейтін ұрпақта болашақ жоқ. Мұны желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншектерге біз ұғындыра білуіміз керек. Әсіресе, қалалық жерлерде өз ана тілін білмейтін жастар әлі де аз емес. Олар ертең қалай өмір сүрмек, қалай ел басқармақ? 2020 жылға қарай қазақстандықтар түгелге жуық мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс болса, бұл тұрғыда өз қандастарымыз үлгі көрсетуі керек. Өз ойымды қорыта келе, Қазақстан халқын шалғайдағы ауыл тұрғыны ретінде алдағы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдауға шақырамын», - деді Ж.Камалов.

Соңғы жаңалықтар